385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гавай аралдарында шашыраған лава балконда тұрған адамды күйдірді

  • 467
  • UPD: 15:27, 20.05.2018
Гавай аралдарында шашыраған лава балконда тұрған адамды күйдірді

АҚШ. Гавай аралдарында Килауэа жанартауының күшіне мініп, от шашып жатқаны белгілі.

Осыған дейін жанартаудан шашыраған лава сол маңдағы елді мекендерге жеткен еді. Енді осы «отты толқын» кесірінен бір адамның жараланғаны туралы хабар тарады.

Ақпаратқа сәйкес, ер адам үшінші қабатта орналасқан пәтердің балконында тұрған кезде аяғына лава шашырап кеткен. Күйіктен жағдайы нашарлаған ол ауруханаға жатқызылды.

Hawaii News Now

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы