389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әуе соққыларынан Йемендегі ірі жанармай құю бекеті талқандалды

  • 371
  • UPD: 11:35, 22.05.2018
Әуе соққыларынан Йемендегі ірі жанармай құю бекеті талқандалды

Йеменге жасалып жатқан әуе соққы басылар емес.

Шабуыл салдарынан ел астанасы Сана қаласындағы ірі жанармай құю бекеті талқандалды. Сонымен қатар жақын маңдағы бензин тасымалдаушы көліктің де тас-талқанын шығарды. Әзірге осы оқиғаға байланысты зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары шабуылды кім ұйымдастырғаны туралы тергеу жұмыстары жүріп жатыр деп хабарлады.

Еске сала кету керек, Йемендегі азаматтық соғыс 2015 жылдың басында басталған еді. Ел билігіне бүлікші-хуситтер қарсы шыққан. Сауд Арабиясын басқарып отырған коалиция үш жыл бойы хуситтерге қарсы соғыс жүргізіп, түрлі шабуылдар жасап келеді.

Таха Мусса, инженер:

Әуе соққысы жағдайды ушықтырады деп айта алмаймын. Себебі бұл елдегі ең ірі мұнай компанияларының бірі. Жалпы нарықтағы жағдайға соншалықты әсер етпеуі керек, компания қызметіне еш нұқсан келтірмейді.

Хабар 24 телеарнасы