384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Килауэа жанартауынан аққан лава Тынық мұхитына төгіліп жатыр

  • 355
  • UPD: 11:39, 22.05.2018
Килауэа жанартауынан аққан лава Тынық мұхитына төгіліп жатыр Фото: spektrnews

АҚШ-тың Гавайи аралдарында Килауэа жанартауынан аққан ыстық шоқ жолындағы шаруа қожалықтары мен ормандарды күлге айналдырып жатыр.

Сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жылжыған лава мұхитқа төгіліп, ауада улы бұлттар пайда болуда. Мамандардың айтуынша, жел тұрса, оның бағыты да өзгеруі мүмкін. Сондықтан жергілікті билік тұрғындар мен саяхатшыларға қауіпті аймаққа бармауға кеңес беріп отыр.

Еске сала кетейік, Килауэа жанартауы 3 мамырдан бері атқылап жатыр. Жанартаудың күл мен от шашуынан тау сілемдерінде ондаған жарықшақ пайда болып, лава аға бастады. Ыстық шоқ ондаған үйді бүлдіріп, апат аймағынан 2 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Хабар 24 телеарнасы