386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дамаск маңы лаңкестерден толық азат етілді

  • 391
  • UPD: 11:40, 22.05.2018
Дамаск маңы лаңкестерден толық азат етілді

Сирия үкімет әскері ел астанасы Дамаск қаласының түбіндегі Хаджр әл-Асвад шаһары мен Ярмук босқындар лагерін лаңкестерден толық азат етті.

Осы жерлерді екі жақтан шабуылдаған жасақтар содырлардың соңғы қарсылықтарын басып түйісті. Жауынгерлер шаһардағы әр ғимаратты шолып, тығылып жүрген лаңкестерден тазартты. Осыдан кейін қалаға полиция күзеті қойылып, тұрғындардың үйлеріне оралуы қолға алынды. Ал ресми өкілдердің айтуынша, қарулы топтардан босатылған аймақтарға бейбіт тұрғындар біртіндеп оралып жатыр. Мысалы, Хомс аймағына 1 күнде 180-ге жуық адам келсе, Шығыс Гутаға 100-ден астам тұрғын қайтқан. Ал БҰҰ дерегіне сүйенсек, биыл жыл басынан бері ел ішінде босқынға айналып, бас сауғалап көшуге мәжбүр болған халықтың саны 700 мыңнан асып кеткен екен.

Хабар 24 телеарнасы