387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинадағы «жасыл тариф» реформасының қарапайым халық үшін қаншалықты пайдалы?

  • 549
  • UPD: 11:46, 22.05.2018

Жаһан елдері «жасыл экономикаға» көшудің түрлі жолдарын қарастырып жатыр.

Украина да өзінше жол іздеуде. Мұнай мен газ сияқты пайдалы қазбалары аз ел екі жылдан бері «жасыл тариф» жүйесін енгізген. Украинадағы бұл тариф реформасының қарапайым халыққа беріп жатқан пайдасы қандай?

Киев облысындағы қарапайым азық-түлік дүкені бір жылдан бері қожайынына қомақты қаржы әкеле бастаған. Қаражат саудадан емес, күн сәулесінен түсіп отыр. Шаруаға аса епті азамат өткен жылы дүкеннің төбесіне 60 күн шатырын «жасыл тариф» бағдарламасы аясында орналастырып алыпты. Бұл реформа күн қуатын өндіруге арналған құрал жабдықтарды мемлекеттік көмегімен құрып алуға мүмкіндік берген. Шаруа адамы, күн шатырларының санын 120 жеткізуді жоспарлап отыр.

Валерий Рогов, кәсіпкер:

Ай сайын 300 киловатт жұмсаймыз. Жаз уақытында шатырлар 20 мыңға жуық киловатт қуат өніре алады. Қажетін тұрмыста тұтынып, қалған қуатты мемлекетке сатамыз.

Бір әттеген-айы «жасыл тариф» жүйесіне тек жеке жер үйі бар адам ғана қосыла алады. Мемлекетпен келісімшартқа отырғаннан кейін шаруа адамына күн генерациясына қажетті жадбықтарды сатып алу үшін қуат өндіру фондынан қаражат бөлінеді. Мемлекеттің ақшасын 5 және 15 жылдың аралығында қайтарасыз. Баламалы қуат көздерін өндіру саласының сарапшылары Қазақстан басшысының да энергетикалық ревалюцияға талпынысын жоғары бағалап отыр.

Сергей Грин, энергетика саласының сарапшысы:

– Нұрсұлтан Назарбаев әлем алдында тұрған маңызды мәселені дөп басып айтып отыр. Қазіргі күні адамзаттың қуат көздеріне қажеті артып отыр. Сейкесінше қуат көздерінің бағасы шарықтап тұр. Энергетикалық баланс мәселесіне мемлекеттік тұрғыдан көңіл бөлінуі қажет, сонда бұл сала тұралап қалмайтын болады.

Украина бойынша 2017 жылы 1600 күн шатыры салынса, 2018 жылдың бірінші тоқсанында-ақ бұл көрсеткіш 2600 жеткен екен. Бекітілген баға саясаты бойынша «жасыл тариф» жүйесі негізінде Украина азаматы өзі өндірген артық қуатты мемлекетке сатып жібере алады. Бір киловаттың құны – 18 еуроцент. «Жасыл тарифтің» ең негізгі екі мақсаты бар. Ең алдымен қарапайым ел азаматына күн қуатынан пайда табуға шақыру, екіншіден, күн сайын шарықтап тұрған газ бен мұнайға тәуелділіктен ақырындап болса да арылу.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Михаил Мищенко

Хабар 24 телеарнасы