360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Париж халқы ереуілге шықты

  • 145
  • UPD: 19:12, 23.05.2018
Париж халқы ереуілге шықты

Париж халқы ереуілге шығып, соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты.

Салдарынан бұзақылар бірнеше дүкенді тонап, 17 адам қамауға алынды. Ереуілшілер қоғамдық реформаларға қарсы наразылықтарын білдіріп, ел президенті Эммануэль Макронның суретін өртеді. Астана көшелеріне мемлекеттік қызметкерлер, зейнеткерлер мен студенттер шықты. Тұрғындардың ашуына жалақы бойынша индекстеудің тоқтатылуы мен жұмыс орындарының қысқартылуы түрткі болды. Ресми деректер бойынша Францияда 6 милионнан аса мемлекеттік қызметкер бар.

Хабар 24 телеарнасы