383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Буркина-Фасода үш содырдың көзі жойылды

  • 395
  • UPD: 07:26, 24.05.2018
Буркина-Фасода үш содырдың көзі жойылды

Буркина-Фасода өткен арнайы әскери операция нәтижесінде 3 содырдың көзі жойылып, бір жауынгер жарақаттанды.

Шара кезінде түрлі қару-жарақ арсеналы тәркіленді. Олардың арасында Калашников автоматы, жарылғыш зат пен жаугершілік киім-кешек бар. Бұл жайында мемлекеттік қорғаныс қызметі өкілі мәлімдеді. Ресми дерек бойынша, Уагадугу қаласында өткен кезекті рейд кезінде бір сарбаз қаза тауып, 5 адам түрлі деңгейде жарақат алды.

Айта кету керек, наурыз айында Францияның елшілігі мен Буркина-Фасо астанасындағы бас штабқа лаңкестік шабуыл жасалды. Салдарынан 10-нан аса әскери қаза болып, бірнеше адам жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы