376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода Эбола дерті өршіп тұр

  • 590
  • UPD: 07:32, 24.05.2018
Конгода Эбола дерті өршіп тұр

Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырғандар саны 27-ге жетті.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баспасөз хатшысы хабарлады. Бұған дейін ұйым өкілі дертке қарсы вакциналардың жеткізілгенін мәлімдеген еді. Жақын күндері қауіпті індетке қарсы екпе жұмыстары басталуы тиіс. 

Айта кететін жайт, Конгода бұл вирус осымен тоғызыншы рет таралып отыр. Эбола індеті 2014 жылы Гвинеяда тіркеліп, ізінше көршілес Сьерра-Леоне мен Либерияға да таралған. Салдарынан осы елдерде қауіпті вирус мыңдаған адамның өмірін қиды.

Хабар 24 телеарнасы