366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда заңсыз отшашулар сақталып келген үйде жарылыс болды

  • 215
  • UPD: 09:30, 24.05.2018
Испанияда заңсыз отшашулар сақталып келген үйде жарылыс болды

Испанияның солтүстік-батысындағы Туй қаласында отшашулар заңсыз сақталып келген жер үйде жарылыс болып, 1 адам қаза тапты.

Тағы 26 тұрғын жарақат алды. Олардың арасында 7 бала бар. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, жақын маңдағы үйлер мен тұрақтағы көліктер қирап, бірнеше шақырым жердегі ғимараттардың терезелері сынған. Галисия өңірінің билігі қираған үйлерді аршып, тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Әзірге жарылыстың нақты қалай болғаны белгісіз. Кей мәліметке қарағанда, пиротехникалық заттарды заңсыз сақтап келген үй иесінің отшашулар жасайтын зауыты болған. Бірақ ол біраз уақыт бұрын жабылып қалған көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы