360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Венада халықаралық бақылаушылар мен Иран делегациясы кездеседі

  • 157
  • UPD: 17:15, 25.05.2018
Венада халықаралық бақылаушылар мен Иран делегациясы кездеседі

Бүгін Венада Иран өкілдері мен 2015 жылғы ядролық келісімді қадағалаушы халықаралық комиссияның кездесуі өтеді.

Бірақ Австрия астанасындағы бұл жиын алғаш рет АҚШ-тың қатысуынсыз жүреді. Себебі 8 мамырда Президент Дональд Трамп бұл ядролық келісімнен шығатынын мәлімдеп, Иранға қайта санкция салатынын жариялады. Кездесуге Еуроодақтың сыртқы саясат қызметінің бас хатшысы Хельга Шмид төрағалық етеді. Жиында АҚШ-тың келісімнен шығуы мен құжатты одан әрі орындау мәселелері талқыланбақ.

Айта кетейік, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты «Бірлескен жан-жақты іс-әрекет жоспары» деп аталған құжатқа 2015 жылы АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Германия қол қойған. Оған сәйкес Тегеран өзінің ядролық бағдарламасын тоқтатады. Ал халықаралық қауымдастық бұл мемлекетке салған санкцияларды біртіндеп алып тастауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы