366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Француз өнертапқышы суда жүретін әрі әуеде ұшатын такси ойлап тапты

  • 170
  • UPD: 17:53, 25.05.2018
Француз өнертапқышы суда жүретін әрі әуеде ұшатын такси ойлап тапты

Француз өнертапқышы Ален Тебо ірі қалаларда өзен арқылы қатынайтын таза әрі жылдам такси қызметін құрмақ.

Көліктің ерекшелігі, ол суда жүзіп қана қоймайды, ұша да алады. «Теңіз көпіршіктері» деп аталатын такси «Убер» қосымшасына ұқсас. Ол тек шаһарлардағы өзен, су арнасы сияқты айдында ғана жүруге арналған. Бірақ қазір Тебоның жоспарын Парижде жүзеге асыруға Сена өзенінде жүретін кемелерге қойылған жылдамдық шектеуі кедергі. Себебі, ол қатты жүрмесе, су бетінен көтеріліп ұша алмайды. Дегенмен өнертапқыш бұл мәселенің оң шешілетініне сенімді. Сондай-ақ мұндай такси Париж ғана емес, Сан-Франциско, Дубай сияқты қалаларға тиімді әрі қажет екенін айтады.

Ален Тебо, яхташы, өнертапқыш:

- Өзенде жүру тәртібі ыңғайлы әрі тиімді болуы керек. Мысалы, бізде электромобильдерге қатысты талаптар оңтайландырылған. Мұны суда жүретін көліктерге де жасауға болады. Айталық, қозғалтқышты қуаттандыратын арнайы тұрақтар керек.

Хабар 24 телеарнасы