366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Путин, Макрон және Абэ халықаралық сенім мәселелерін талқылады

  • 189
  • UPD: 15:09, 26.05.2018

Ресей, Франция және Жапонияның көшбасшылары халықаралық сенім мәселелерін талқылады.

Санкт-Петербург экономикалық форумы аясында Ресей мен Франция президенттері Владимир Путин және Эммануэль Макрон, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ, Қытай Халық Республикасы төрағасының орынбасары Ван Цишан, сондай-ақ Халықаралық валюта қорының жетекшісі Кристин Лагардтың қатысуымен пленарлық отырыс өтті. Пікірталас «Сенім экономикасын құру» деп аталады. Қатысушылардың ойынша, елдер, серіктестер арасындағы сенім, сондай-ақ халықтың мемлекетке, жаңа технологияларға сенуі  жаһандық экономикалық дамуға әкеледі. Сондай-ақ Владимир Путин жаңа президенттік мерзіміндегі төрт негізгі басымдықты атап өтті. Олардың ішінде цифрландыру және ауқымды инфрақұрылымдық жобалар бар.

Владимир Путин, Ресей Президенті:

- Қолданыстағы нормаларды елемеу және өзара сенім жоғалту күрделі технологиялық өзгерістерге әкелуі мүмкін. Мұндай факторлар жүйені  дағдарысқа ұшыратады. Бұл жалпы жаһандық экономикаға әсер етеді.  Тіпті әлемдік даму үдерісін тежейтіні сөзсіз.

Эмманюэль Макрон, Франция Президенті:

- Алдағы он жыл ішінде сенімге сызат түсірмей, достық қарым-қатынасымызды нығайта түсу керек деп ойлаймын. Ол үшін бізде ортақ геостратегиялық мақсат болуы тиіс. Әр түрлі салада туындаған  қиындықты еңсеріп, кедергінің көзін  жою қажет.

Хабар 24 телеарнасы