387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентина халқы ел билігінің валюта қорынан қарыз алуына қарсылық білдірді

  • 597
  • UPD: 15:11, 26.05.2018
Аргентина халқы ел билігінің валюта қорынан қарыз алуына қарсылық білдірді

Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласында халық жаппай ереуілге шықты.

Қала көшелеріне оппозициялық партия өкілдері мен кәсіподақ ұйымдары шықты. Олар үкіметтің Халықаралық валюталық қорынан несие алуына қарсы. Бас көтерушілердің пікірінше, 2001 жылы Аргентинаның қаржы дағдарысына ұшырауына осы қор себеп болған. Сол кезде үкімет реформасы ел экономикасын шетелдік инвестицияларға ашып, жергілікті компаниялар құлдырауға ұшыраған болатын. Дағдарыстың зардабын халық әлі күнге дейін тартып отыр.

Айта кетейік, қазір Аргентинаның мемлекеттік қарызы шаш етектен, инфляцияның жағдайы да мәз емес.

Хабар 24 телеарнасы