369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Париждегі ереуіл соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты

  • 173
Париждегі ереуіл соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Париж халқы ереуілге шығып, соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты.

Салдарынан түрлі деңгейде бұзақылық жасаған 32 адам қамауға алынды. Бұл жолғы ереуіл «халықтық көтеріліс» деген атқа ие болып, жергілікті уақыт бойынша күндізгі 4 шамасында басталған. Жай ғана ұрандатып, астана көшелерін аралап келе жатқан ереуілшілер қатарына үстеріне қара киім киген бір топ бұзақы қосылған. Олар полицейлерді таяқпен ұрып, жаяу жүргіншілерге тас жаудырған. Ал тәртіп сақшылары көз жасауратқыш қолданған.

Айта кету керек, осыдан екі күн бұрын Париж көшелеріне мемлекеттік қызметкерлер, зейнеткерлер мен студенттер шыққан еді. Олардың ашынуына жалақы бойынша индекстеудің тоқтатылуы мен жұмыс орындарының қысқартылуы түрткі болған. Дәл осындай «халықтық көтеріліс» Францияның басқа қалаларында да өтетін түрі бар.

Хабар 24 телеарнасы