388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Газа секторындағы бақылау мұнарасы атқыланды

  • 428
  • UPD: 17:20, 27.05.2018

Израиль әскері Газа секторында Хамас қозғалысына тиесілі бақылау мұнарасын танктен атқылады.

Салдарынан 2 палестиналық қаза тапты. Оқиға Рафах қаласына жақын жерде болды.

Израиль әскерилерінің хабарлауынша, палестиналықтар шекара маңына бомба қойғандықтан атқылаған. Айта кететін жайт, таяуда Израиль әуе күштері «осы ауданда бір топ палестиналық шекараны кесіп өтуге талпынған» деп, бірнеше нысанға соққы берді. Себебі қарулы топтар инфрақұрылымға нұқсан келтіруді көздеген.

Еске сала кетейік, наурыз айының соңында Израиль мен Газа секторының шекарасында наразылық шеруі басталып, осы уақытқа дейін 100-ден астам палестиналық көз жұмды. Тағы 13 мың адам жарақат алды. Әсіресе 14 мамырда АҚШ даулы Иерусалимде елшілігін ресми ашқан күні шеру соңы қақтығысқа ұласып, 60-тан астам адам опат болды. Ал палестиналықтар бұл әрекет арқылы Израильден басып алған жерлерін қайтаруды талап етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы