385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда Нипах вирусынан қаза тапқандардың саны артты

  • 345
  • UPD: 09:39, 28.05.2018

Үндістанның оңтүстігінде шыққан Нипах вирусынан қаза тапқандардың саны 14-ке жетті.

Тағы 26 адам емделіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, Кожикоде қаласындағы ауруханаға жеткізілген 26 жастағы жас жігіт көз жұмған. Бірақ қазір елдің денсаулық сақтау министрлігі Керала штатында пайда болған қауіпті індеттің таралуы тоқтатады дегенді айтады. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, Нипах вирусы алғаш рет 1998 жылы Малайзияда шыққан. Ол кезде дерт шошқалардан тарады. Ал 2004 жылы індет Бангледеште өршіп, оның жарқанаттардан жұққаны анықталды. Алайда бұл қауіпті вирусқа қарсы ешқандай дәрі табылмай тұр. Сондықтан көп жағдайда сырқаттан адамдар арасында өлім-жітім көп.

Хабар 24 телеарнасы