378,86 417,79 6,08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Сирия билігіне салынған санкцияларды тағы бір жылға созды

  • 437
  • UPD: 09:07, 29.05.2018
Еуроодақ Сирия билігіне салынған санкцияларды тағы бір жылға созды

Шешім Еуроодақ кеңесінің отырысында қабылданды.

Онда шектеу шараларының ұзартылуына Сирия билігінің бейбіт тұрғындарды қудалауды әлі де жалғастырып отырғаны себеп екені айтылған. Одақтың Сириядағы дағдарысты БҰҰ қарары мен Женева мәлімдемесіне сәйкес саяси тұрғыдан шешуді қолдайтыны белгілі.

Еске сала кетейік, Еуроодақтың 2011 жылы Сирияға салған санкциялары өз тарихындағы ең ірі шарасы болып отыр. Оған сәйкес Шам елінің 250-ден астам азаматы мен 70-ке жуық компаниясына санкциялар енгізіліп, олардың қаржымен әрекет етулеріне тыйым салынды. Ал елдің еуропалық компаниялармен байланысы үзілді. Қара тізімде президент Башар Асад пен оның отбасы мүшелері де тұр.

Хабар 24 телеарнасы