385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Килауэа жанартауының лавасы жергілікті геотермальді электр стансасына дейін жеткен

  • 338
  • UPD: 10:04, 30.05.2018
Килауэа жанартауының лавасы жергілікті геотермальді электр стансасына дейін жеткен

Гавай аралдарында Килауэа жанартауы әлі атқылап жатыр.

Лава жергілікті геотермальді электр стансасына дейін жеткен. Қазір билік апатқа байланысты тиісті шараларды жүзеге асырып жатыр. Станса аумағынан улы газы бар 50 мыңдай галлонды басқа жерге орналастырды. Жадыңызға сала кетейік, Килауэа жанартауы мамыр айының басында атқылай бастаған. Салдарынан 80-нен астам тұрғын үй қирап, 2 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Ал жексенбі күні лава Тынық мұхитына құйылды. Айта кеткен жөн, жанартаудан шығатын бұл қоймалжың зат сумен араласқанда, ауаға улы зат бөлінеді. Мамандардың айтуынша, қышқыл будың адам денсаулығына келтірер зияны орасан. Бірақ әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы