389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада заңсыз қоқыс алаңдарында 60-тан астам өрт болған

  • 511
  • UPD: 11:45, 30.05.2018
Польшада заңсыз қоқыс алаңдарында 60-тан астам өрт болған

Польшада заңсыз қоқыс алаңдарында өрт көбейіп, билік өкілдерін алаңдатты.

Бұл туралы сейсенбі күні премьер-министр мәлім етті. Оның айтуынша, биыл жыл басталғалы ел аумағында 60-тан астам өрт болған. Яғни өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артты. Үкімет басшысы олардың көбі қасақана қойылып, тұрғындар мен қоршаған ортаға көп залалын тигізіп жатқанын жеткізді. Мысалы, Згежде қаласының маңында қоқыс 2 күн бойы жанып, оны өшіруге 250 маман жұмылған. Ал Вшедзень шаһарының жанындағы өрт кезінде 35 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Билік мұны биыл Қытайдың Еуропадан қоқыс алуды тоқтатқанымен байланыстырып отыр.

Йоахим Брудзинский, Польша ішкі істер министрі:

- Қоқыстардың өртенуі көбейіп кетті. Қытай елінің Еуропадан қоқыстарды қайта өңдеу үшін алып келіп еді, енді ол тоқтады. Содан кейін де Польшаға заңсыз тасымал артты.

Хабар 24 телеарнасы