387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кубада ойран салған «Альберто» дауылы 4 адамның өмірін жалмады

  • 434
  • UPD: 17:16, 30.05.2018
Кубада ойран салған «Альберто» дауылы 4 адамның өмірін жалмады

Кубада Альберто сұрапыл дауылынан 4 адам қаза тапты.

15 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Табиғаттың тосын мінезінен, әсіресе елдің орталығы мен батысындағы провинциялар көп зардап шеккен. Елді мекендерде су тасқыны жүріп, көптеген ғимарат қирап бүлініп, 44 мың үй жарықсыз қалған. Егістік алқаптарына да орасан зор нұқсан келген. Су тасқынынан Сьенфуэгос қаласындағы мұнай өңдеу зауытында қалдықтарды тазарту жүйесі істен шығып, 12 мың текше метр шикізат шығанаққа төгілді. Қазір апат аймағында тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Ал ауа райын болжаушылар әлі тағы 1 күн жауын жауады деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы