384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Португалияда эвтаназия қолдануға рұқсат беретін заң жобасы қабылданбады

  • 430
  • UPD: 21:17, 30.05.2018
Португалияда эвтаназия қолдануға рұқсат беретін заң жобасы қабылданбады

Португалия парламенті эвтаназия қолдануға рұқсат беретін заң жобасын қабылдамай тастады.

230 депутаттың 115-сі қарсы шықса, 110-ы қолдаған. «Дауыс санының тең түсуі бұл мәселені ары қарай талқылауға мүмкіндік береді», – дейді парламент мүшелері. Заң жобасы авторларының айтуынша, бастама адам төзгісіз аурумен ауыратын науқастардың өлімін тездетеді. Парламент отырысы кезінде ғимарат жанына жүздеген адам жиналып, заңның қабылдануына қарсы шықты. Айта кеткен жөн, қазіргі таңда эвтаназияны қолдануға Бельгия, Люксембург, Швейцария, Колумбия, Канада және АҚШ-тың бірнеше штатында рұқсат етілген.

Педро Кардосу, социал-демократиялық партияның өкілі:

– Мен бұл мәселеден шет қалмай, пікірімді білдіру үшін осы шеруге қатыстым. Португалиялықтар эвтаназияны қаламайды. Әлдебір әрекетпен немесе құралдармен науқас адамдардың өмірін қиюға жол бермейміз.

Хабар 24 телеарнасы