386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тегеран АҚШ санкцияларын айналып өтпек

  • 364
  • UPD: 21:15, 30.05.2018
Тегеран АҚШ санкцияларын айналып өтпек Фото: Enter.News

Иран үкіметі АҚШ-тың санкцияларын айналып өту үшін бірнеше елмен келіссөз жүргізуді бастады.

Бұл туралы Иран үкіметінің өкілі Мохаммад Багер Нобахт хабарлады. Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп ядролық келісімнен шыққаннан кейін бұл елге санкция жариялайтынын айтқан еді. Нобахттың айтуынша, қазір Иран Еуроодақ елдерімен қатар көршілес мемлекеттермен де тығыз қарым-қатынас орнатып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп 8 мамыр күні Вашингтонның Иран келісімінен шығатынын мәлімдеді. Бұл құжатқа 2015 жылы Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция және Германия елдері қол қойған. Ал Иран өз кезеңінде АҚШ-тың бұл қадамын заңсыз деп танып отыр.

Хабар 24 телеарнасы