385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перу үстірттерінен ежелгі суреттер табылды

  • 614
  • UPD: 23:42, 31.05.2018
Перу үстірттерінен ежелгі суреттер табылды

Перуде ғалымдар елдің оңтүстігіндегі Наска мен Пальпа үстірттерінен тасқа қашалған ежелгі жаңа суреттерді тапты.

Мамандар оларды дрондар арқылы теңізге жақын аудандардан кездестірген. Археологтардың айтуынша, бұл суреттер 2 мың жыл бұрын салынған. Тасқа адамдармен бірге жануарлар мен құстардың да бейнелері қашалған. Олардың арасынан кит, дельфин, тіпті билеуші әйелді көруге болады. Ғалымдар суреттерді табуға дрондардың көп көмегі тигенін айтады. 

Джон Исла, археолог:

- Бұл суреттерді біз бұған дейін ашылған осындай орындардан кездестірдік. Бұл жәдігерлер шамамен біздің эрамызға дейінгі 500 жылы өмір сүрген Паракас мәдениетіне тиесілі. Дәл осы кезде адамдар таудағы тастарға түрлі суреттер сала бастаған.

Хабар 24 телеарнасы