386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда зейнетке шығу жасын ұлғайту мәселесінде халықтың пікірі ескеріледі

  • 973
  • UPD: 09:41, 01.06.2018

Өзбекстанда зейнетке шығу жасын үш жылға ұлғайту жоспарланып отыр.

Құжатқа сәйкес әйелдер 58-інде, ал, ерлер 63 жасында зейнетке шығатын болады. Жаңа жобада еңбек өтілін 7 жылдан халықаралық талаптарға сай 10 жылға дейін өсіру де көзделген. Өйткені 30 жыл еңбек еткен азамат өзгелерден бар-жоғы 200 мың сум артық алады. Бұл осындай олқылықты жоюға мүмкіндік береді, дейді қаржыгерлер. Құжатта зейнеткерге қосымша жұмыс істеуге және еңбек өтіліне қарай зейнетақы мөлшерін тағайындау сияқты мүмкіндіктер де қарастырылған. Зейнетақы жүйесіндегі реформа келесі жылдан басталып енгізілмек.

Айта кетейік, қазір Өзбекстанда әйелдер 55 жастан,  ерлер 60 жаста зейнетке шығады. Жалпы 30 миллионнан астам халықтың шамамен 3,3 миллионы зейнетақы алады. Зейнетақы жүйесін жетілдіру Парламентте бірнеше жылдан бері көтерілген. Сондықтан бұл мәселе тікелей халыққа байланысты болғандықтан жұрттың ашық талқылауына салдық. Депутаттар осылай дейді.

Холида Казакова, Самарқандтағы №56 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

- Әйелдер үшін ең қолайлы жас 55 жас. Тіпті түптеп келгенде 50 жас болса өте жақсы болар еді. Өйткені үйдің шаруасы бар, бала тәрбиесі бар. Отбасының бітпейтін жұмыстарын қоса алсаңыз, осы 50 жас әйелдер үшін өте қолайлы. Адам жұмыстан қажиды. Зейнетке ертерек шықса бала немере тәрбиесімен емін-еркін айналысады.

Жамшид Пирматов, Өзбекстан Республикасы Оилий Мәжілісінің заң шығару палатасының депутаты:

- Бұның соңғы нүктесін халықтың өзі қояды. Қазір жұрттың арасында қызу талқыланып жатыр. Пікірталас көп. Түптеп келгенде жоба халықтың ризалығымен ғана бекітіледі. Тіпті Парламент фракцияларының өз ұсыныстары мен қосып-аларлары болады. Қалай десек те көпшіліктің пікірі  ескеріледі.

Хабар 24 телеарнасы