386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда әуесқой астрономға арналған қонақ үйі ашылады

  • 437
  • UPD: 08:22, 01.06.2018
Испанияда әуесқой астрономға арналған қонақ үйі ашылады

Жеті түнде жымыңдаған жұлдыздарды бақылауға жаныңыз құмар болса Испанияға жол тартсаңыз болады.

Себебі мұндағы Толедо қаласының маңындағы Ормигос елді мекенінде әуесқой астрономдарға арналған қонақ үйі салынып жатыр.

Miluna кешеніндегі әрбір бөлме мөлдір сфера пішінінде тұрғызылып, одан жұдызды аспан анық көрініп тұратын болады. Отыз текше метр жерге орналасатын әрбір номерге таза ауа ешбір ың-шыңсыз түрде сырттан беріліп отырады.

Жоба авторның Ормигос елді мекенін таңдауы тегін емес. Өйткені оның табиғи ландшафты аспан әлемін бақылауға өте қолайлы жер екен. Мұнымен қоса Ормигостан тылсым көкке көз тастаған кезде әуе сондай таза қалыпта көрініп, көз сүрінетін ешбір кедергі болмайды екен.

Ал қонақүйдің ауласына қатарынан бірнеше телескоп қойылады.

espanarusa

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы