389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдің Қызыл алаңында кітап фестивалі өтіп жатыр

  • 563
  • UPD: 09:49, 02.06.2018
Ресейдің Қызыл алаңында кітап фестивалі өтіп жатыр

Ресейде «Қызыл алаң» фестивалі өтіп жатыр.

Кремль маңында осы елдің танымал ақындары мен жазушылары, ғалымдары оқырмандармен кездесіп, өнерпаздар кітап жәрмеңкесінің шырайын ашты. Сонымен қатар Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының ұстаздары дәріс оқиды. Фестиваль аясында 13 алаңда 450 шара өткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ Калининградтан бастап Владивостокқа дейінгі аралықтағы бүкіл ел аумағында басылып шыққан 100 мың жаңа кітаптың тұсаукесері өтеді.

Надежда Коваленко, фестиваль қонағы:

– «Футбол дегеніміз не? Зияткерлі ойын» деген кітапты тауып алдым. Зерделі адамдарға арналған, ал жанкүйерлер зерделі болуы керек. Бұл кітапты немереме, ал дизайн туралы кітапты ұлыма сыйлаймын.

Сергей Федоров, фестиваль қонағы:

– Ауа райы керемет болмаса да, Мәскеу орталығына қыдырып келген адамдар Қызыл алаңға келіп, кітаптарды көреді. Кітап біз үшін рухани құндылық емес, сөреге қоятын затқа айналды.

Мария Васильева, фестиваль қонағы:

Жұрт тек ғаламтордан ғана оқып қоймай, кітапты қолға ұстап, оқуға болатынын білсін. Мен кітап оқуға құмармын, сондықтан ғаламторды онша жақтырмаймын.

Хабар 24 телеарнасы