378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэладағы билік оппозиция өкілдерін түрмеден босатты

  • 507
  • UPD: 21:27, 02.06.2018
Венесуэладағы билік оппозиция өкілдерін түрмеден босатты

Венесуэла билігі президент Николас Мадуроға қарсы наразылық шараларына қатысып, түрмеге қамалған ондаған оппозиция өкілін босатты.

Еркіндікке шыққандар арасында осыдан 4 жыл бұрын шеруге шыққан генерал Анхель Вивас бар. Президент Николас Мадуро мұны қастық пиғылмен жасалған шара деді. Ұлттық құрылтай жиынының төрағасы Делси Родригес болса, өзге де оппозиция мүшелеріне рақымшылық жасалатынын жеткізді. Оның айтуынша, қазір арнайы комиссия мен прокуратура еркіндікке шығатындардың жаңа тізімін дайындап жатыр. Сарапшылар айтуынша, Мадуро бұл арқылы халықаралық қауымдастықтың арасында бедел жиып, елге салынған санкцияларды жоюды көздеп отыр. Мұны президенттің өзі де мойындайды. Ал ресми дерекке сүйенсек, Венесуэла түрмелерінде 2014-2017 жылдар аралығында үкіметке қарсы шеруге қатысқан жүздеген адам отыр.

Николас Мадуро, Венесуэла президенті:

- Біз әлемнен Венесуэлаға қаржылық қысым көрсетуді тоқтатуды сұраймыз. Осының кесірінен азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттар алуға бөлінген 1 жарым миллиард доллардан айырылдық. Олар бізбен ешкім сауда жүргізбес үшін, қасақана, тауар жеткізушілердің есеп-шотын жауып тастап отыр.

Хабар 24 телеарнасы