384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египет президентін ұлықтау рәсімі өтті

  • 496
  • UPD: 22:00, 02.06.2018
Египет президентін ұлықтау рәсімі өтті

Египетте президенттік сайлауда жеңіске жеткен президент Абдель Фаттах Ас-Сисиді ұлықтау рәсімі өтті.

Салтанатты шара Каирдегі парламенттің қауымдар палатасы ғимаратында болды. Сөйтіп, Ас-Сиси ресми түрде жұмысына кірісті. Ас-Сиси алдағы қызметінде қауіпсіздікпен қатар денсаулық сақтау, білім және мәдениет салаларына аса көңіл бөлінетінін жеткізді. Сондай- ақ алғашқы 4 жылдық жұмысын қорытындылаған президент елде бірнеше ірі ұлттық жоба жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындарын ашылғанын айтты.

Еске сала кетейік, Египетте президенттік сайлау наурыз айында өткен болатын. Саяси додада 22 миллион азамат, яғни сайлауға қатысушылардың 97 пайызы Ас-Сисиді қолдап дауыс берді.

Хабар 24 телеарнасы