386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британияға террорлық әрекеттер қаупі төніп тұр

  • 307
  • UPD: 23:14, 02.06.2018
Британияға террорлық әрекеттер қаупі төніп тұр

Ұлыбританияда жаңа лаңкестік әрекеттер жасалуы әбден мүмкін.

Бұл туралы Лондон полициясының лаңкестікпен күрес бөлімінің басшысы Дин Хэйдон Sky News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл қауіп деңгейі әлі жоғары. Сондықтан тұрғындар барынша қырағылық танытып, абай болуы тиіс. Хэйдон, сондай-ақ өткен жылғы Манчестер мен Лондондағы терактіден кейінде де 2 мәрте лаңкестік қаупі төнгенін атап өтті.

Еске сала кетсек, былтыр 22 мамырда Манчестерде әнші Ариана Гранденің концерті кезінде жарылыс болып, 22 адам қаза тапты. Ал маусым айында Лондонда бірнеше лаңкес көлікпен көпірде кетіп бара жатқан адамдарды қағып, 7 адам көз жұмды. Содан кейін қыркүйек айында Лондондағы «Парсонс Грин» метросында жарылыс болып, 30 адам жараланды.

Хабар 24 телеарнасы