384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каталония басшысы Испанияның жаңа премьерін келіссөзге шақырды

  • 308
  • UPD: 23:38, 02.06.2018
Каталония басшысы Испанияның жаңа премьерін келіссөзге шақырды

Испаниядағы Каталония аймағының басшысы Ким Торра елдің жаңа сайланған премьер-министрі Педро Санчесті келіссөз жүргізуге шақырды.

Себебі Каталонияда жаңа үкімет ресми түрде қызметіне кірісіп, орталық биліктің өткен қазан айында енгізген тікелей басқаруы күшін жойған. Осыған байланысты Торра Мадридтен аймақпен қатынасты жан-жақты талқылауды ұсынып отыр.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Каталонияда осы автономды өңірдің тәуелсіздігі туралы референдум өтіп, дауыс берушілердің 90 пайызы оны қолдады. Бірақ ел билігі оны танудан бас тартып, конституцияның 155-бабына сәйкес автономияны тікелей басқаруды енгізген. Ал Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон шетелде бас сауғалап жүр.

Хабар 24 телеарнасы