385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сириядағы ирандық жасақтар шығарыла бастады

  • 372
  • UPD: 09:43, 03.06.2018
Сириядағы ирандық жасақтар шығарыла бастады

Тегеран мен Тель-Авив Сирияның оңтүстігі мен оңтүстік-батысынан ирандық әскерилерді шығару туралы келісімге келіп, жасақтар әкетіле бастады.

Бұл туралы «әл-Арабия» телеарнасы хабарлады. Ақпарға қарағанда аймақты ливандық «Хезболла» тобының күштері де тастап кетіп жатыр. Ал мұндай уағдаластыққа осы апта ішінде Ресей мен Израиль қорғаныс министрлері қол жеткізген.

Айта кетейік, Сириядағы қақтығыс басталғалы Иран мен ливандық «Хезболла» тобының жасақтары президент Башар Асад әскеріне қолдау көрсетіп келеді. Израиль бұған үзілді-кесілді қарсы. Сондықтан бұл елдің әуе күштері Шам еліндегі осы әскери жасақтарға талай мәрте соққы берген болатын.

Хабар 24 телеарнасы