386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль әскерилері 1 палестиналықты атып тастады

  • 356
  • UPD: 09:18, 03.06.2018
Израиль әскерилері 1 палестиналықты атып тастады

Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Хеврон қаласында Израиль әскерилері 1 палестиналықты атып тастады.

Ол шағын жүк көлікпен сарбаздарды қақпақ болған Ешбір жауынгер жапа шекпеген. Оқиға Израиль мен Палестина шекарасындағы жағдай шиеленіскен кезде болып отыр. Палестина Денсаулық сақтау министрлігі ер адамның көз жұмғанын растады. Бірақ оның қандай жағдайда қаза тапқаны жайлы ашып айтпады.

Еске сала кетейік, наурыз айының соңында палестиналықтар жылдағыдай Израильден басып алған жерлерді қайтаруды талап етіп, шекара маңында наразылық акцияларын бастаған. Бірақ ол қақтығыстарға ұласып, осы уақытқа дейін 100-ден астам адам қаза тапты. Ең ірі акция АҚШ билігі даулы Иерусалимде өз елшілігін ашқан кезде өтті. Сол күндері 50-ден астам адам қаза тауып, мыңдаған тұрғын жарақат алды. АҚШ-тың әрекетін әлемнің көптеген елі айыптады.

Хабар 24 телеарнасы