389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорк халқы қаруға қатаң қарауға шақырды

  • 456
  • UPD: 11:11, 03.06.2018
Нью-Йорк халқы қаруға қатаң қарауға шақырды

Америка толқып тұр.

Нью-Йорк қаласы тұрғындары жаппай ереуілге шықты. Олар қаруды қоғамдық орында қолдануға байланысты заңға толықтырулар енгізуді талап етті. Жиналғандардың дені – жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері. Арасында ата-аналар да бар. Олар ақ табытты көтеріп алып, Бруклин көпірі арқылы қатаң тәртіп болмай, халықтың бейбіт өмір сүруіне қол жеткізе алмаймыз деп ұран тастады. Ереуілді ұйымдастырушылардың айтуынша, мектеп қабырғасында қару-жарақты қолдану салдарынан қара нәсілділер мен латынамерикалық балалардың көз жұму оқиғасы жиілеп кеткен. Сондықтан бұл мәселеге немқұрайлы қарауға мүлдем болмайды дейді.

Айта кету керек, Николас Круз есімді Паркленд қаласындағы мектептің бұрынғы оқушысы ақпанның 14-і күні өзі білім алатын мектепте балалар мен мұғалімдерге оқ жаудырып, 17 адамның қанын жүктеді. Осы оқиғадан кейін Флорида штаты парламентінің төменгі палатасы мектеп ұстаздарына қару алып жүруге рұқсат беретін заң жобасын қабылдады. Жаңа заңда қаруды сатып алуға рұқсат етілетін жас мөлшерін 18-ден 21 жасқа дейін көтеру, шабуылға арналған қаруға шектеулер енгізу және оқу орындарындағы қарулы күзетшілердің санын арттыру да қарастырылған. Алайда бұл заң жобасына әлі де бірталай толықтырулар енгізілуі тиіс дейді ереуілге қатысушылар.

Хабар 24 телеарнасы