386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гамбург әуежайынан ұшатын рейстер кешіктірілді

  • 346
  • UPD: 21:48, 03.06.2018
Гамбург әуежайынан ұшатын рейстер кешіктірілді

Германияның Гамбург қаласындағы әуежайда тоқтың тұйықталуынан жарық сөніп қалды.

Салдарынан әуе рейстері бірнеше сағатқа кешігіп жатыр. Төтенше оқиғадан әуежайдың барлық терминалы электр қуатынын ажырап қалған. Сондықтан басшылық іштегі адамдарды дереу қауіпсіз жерге шығару туралы шешім қабылдады. Қазір мамандар ақаудың қай жерден болғанын анықтап тексеріп жатыр.

Айта кетейік, Гамбург әуежайы - Германиядағы бесінші ірі әуежай. Ол бір уақытта 53 ұшаққа қызмет көрсете алады. Ал жыл сайын бұл әуежай арқылы 17 миллион жолаушы сапарға шығады.

Хабар 24 телеарнасы