387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кабул университеті жанындағы жарылыстан 14 адам қаза тапты

  • 346
  • UPD: 19:38, 04.06.2018
Кабул университеті жанындағы жарылыстан 14 адам қаза тапты

Ауғанстан астанасы Кабул қаласындағы университет жанында жарылыс болып, салдарынан 14 адам қаза тапты.

Тағы 17 кісі жарақат алған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. Бұған дейін 6 адамның ажал құшып, тағы алтауының зардап шеккені жарияланған еді. Полицейлердің дерегі бойынша жанкешті жарылғыш затты ғимарат жанында іске қосқан. Әзірге шабуылды ешбір топ мойнына алған жоқ. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы