389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда ШЫҰ саммиті өтеді

  • 607
  • UPD: 09:31, 06.06.2018

Циндаода Шанхай ынтымақтастық ұйымының сауда-экономикалық ынтымақтастығын көрсететін алғашқы аймақ пайда болды.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдың шығыс жағалауындағы осы қалада 9-10 маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Осы шара қарсаңында Қытай сауда министрлігі еуразиялық сауда-экономикалық ынтымақтастығының индустриалды бағында арнайы аймақ ашуға рұқсат берген еді. Оның басты артықшылығы – Циндао теңіз айлағының логистикалық мүмкіндіктері болып отыр.

СGTN телеарнасының мәліметінше, осы аймақта тіркелген 33 шетелдік компания 26 мемлекетте 32 бірлескен жобаны жүзеге асырып отыр. Бұл елдердің қатарында Қазақстан мен Өзбекстан да бар.

Хабар 24 телеарнасы