389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Циндао қаласы ШЫҰ саммитін өткізуге дайын

  • 478
  • UPD: 09:30, 07.06.2018

Циндао қаласы ірі халықаралық форум өткізуге толық дайын. Мұнда Шанхай ынтымақтастығы ұйымының 18-саммиті өз жұмысын бастайтыны белгілі.

Ұйымдастыру комитетіндегілер артылған сенім қала үшін үлкен жауапкершілік әрі Циндаоның дамуына серпін беріп, саяхатшыларды тартады деп отыр. Тіпті іске 22 мыңдай волонтер студент тартылды. Айта кетейік, Циндаоның халықаралық шара өткізуде тәжірибесі бар. 2008 жылы Пекиндегі жазғы Олимпиада аясында желкенді қайық спорты бойынша жарыстар осында өткен.

Ю Биншан, волонтер:

- Күн сайын біз өз еркімен 12 сағат бойы жұмыс істеп, саябақтардағы қоқысты жинап жүрміз. Аз да болса осы игі ісіміз халықаралық сахнадағы Қытай беделін жақсартуға септігін тигізер дейміз. 

Чжао Минъин, Циндао қаласының тұрғыны:

- Мұндай саммитті туған қаламызда өткізу – үлкен мәртебе. Циндаоның күннен күнге гүлденіп келе жатқанын көріп отырмыз. Барлығы ойдағыдай өтеді деп үміттенемін.

Хабар 24 телеарнасы