386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эфиопия Эритрея билігін келіссөзге шақырды

  • 420
  • UPD: 12:31, 07.06.2018
Эфиопия Эритрея билігін келіссөзге шақырды

Эфиопия  Эритреямен шекарадағы қақтығысты тоқтату жөнінде келісімге қол қоюға дайын.

Бұл туралы елдің билеуші саяси күші «Эфиопияның революциялық-демократиялық фронты» хабарлады.

Айта кету керек, екі мемлекет арасындағы саяси қақтығыс салдарынан 10 мыңнан аса адам көз жұмды. Келісім-шарт шекарадағы даулы аумақтардың мәртебесін түсіндіреді. Негізі бұл құжат екі ел арасындағы жанжалды тоқтату үшін сонау 2000 жылы дайындалған. Алайда шекараға қатысты мәселенің ушығуына байланысты Эфиопия мен ЭриТрея ортақ шешімге келе алмады. Енді Эфиопия Эритрея билігін келіссөз жүргізуге шақырды.

Хабар 24 телеарнасы