386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ-ның баспасөз орталығы жұмысын бастады

  • 321
  • UPD: 13:43, 07.06.2018

Алдағы сенбі күні Шанхай ынтымақтастығы ұйымының 18-саммиті ашылады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысатын бұл басқосу 8-9 маусым Циндао қаласында өтеді. Теңіз жағасында орналасқан осы қалада Шанхай ынтымақтастығы ұйымының баспасөз орталығы жұмысын бастады.

Қытайдың орталық телеарнасы CCTV хабарлауынша, орталық көрсетілетін қызметі жағынан бөлінген 14 аймақтан тұрады. Бұл журналисттердің жұмысына арналған ньюс-румдар, интервью беретін аймақтар және пресс-конференция бөлмелері. Баспасөз орталығының жалпы ауданы 35 мың шаршы метр. Онда бір мезгілде бұқаралық ақпарат құралдарының 3 мың өкілі жұмыс істей алады. Біздің арнамыздың тілшілері де осы орталықтан ауқымды жиналыста болып жатқан хабарларымен бізбен бөлісіп тұрады.

Хабар 24 телеарнасы