385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ АҚШ-тан келген тауарларға жаңа тарифтер енгізбек

  • 488
  • UPD: 17:22, 07.06.2018
Еуроодақ АҚШ-тан келген тауарларға жаңа тарифтер енгізбек

АҚШ металдарға салған баж салығына жауап ретінде Еуроодақ бұл елден әкелінетін тауарларға жаңа тарифтер енгізетін болды.

Олардың жалпы құны 2 миллиард 800 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін. Аталмыш тауарлар тізіміне жүгері, күріш, мүкжидек, апельсин шырыны, арахис майы, спирттік және темекі өнімдері, сондай-ақ косметика, киім, болат бұйымдары, мотоциклдер мен яхталар кірген. Еуроодақтың америкалық өнімдерге салатын баж салығы 25 пайызға дейін жетуі мүмкін. Осы айда өтетін Еуроодақ саммитінде бұл шаралар ұйымға мүше бүкіл елмен келісіліп, жаңа тарифтер 1 шілдеден бастап күшіне енбек.

Марош Шефчович, ЕО энергетика комиссары:

- Тепе-теңдікті қалпына келтіру мақсатымен баж салықтарын енгізу Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелеріне толығымен сай келеді. Бұл еуропалық болат пен алюминий экспортына тарифтер енгізу туралы АҚШ-тың біржақты әрі заңсыз шешіміне үйлесімді жауабымыз болды.

Хабар 24 телеарнасы