384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция теміржолшыларына берілетін жеңілдіктер қысқартылды

  • 248
  • UPD: 23:20, 07.06.2018
Франция теміржолшыларына берілетін жеңілдіктер қысқартылды

Осы жаңашылдыққа қатысты 348 депутаттың 240-ы «иә» деп дауыс беріп, сенат бұл реформаны қабылдады.

Франция үкіметі мұндай өзгерістердің теміржол секторын нығайту үшін аса қажет екенін алға тартады. Себебі  SNCF корпорациясының қарызы 45 миллиард еуродан асып кеткен. Осыған қарамастан мекеме қызметкерлеріне жеңілдіктер көп қарастырылған. Ал жолаушылар қызмет көрсету сапасының нашарлап кеткенін айтады. Бірақ теміржолшылар «мұндай өзгеріс еңбек шартына нұқсан келтіреді», – дейді. Олар екі айдан бері наразылық акцияларын өткізіп келеді.

Айта кету керек, ел президенті Эммануэль Макрон реформаны жақын арада аяқтап, қолданысқа енгізуге уәде берді. Бұл шиеленіскен мәселені бірнеше саясаткер шешуге бел буған еді. Алайда одан ешқандай нәтиже шықпады.

Эрве Море, сенатор:

- Министр айтып кеткендей, бұл заңнаманың қабылдануы әділетті. Мекеменің қарызына қатысты үкіметтің арызы мен осы реформа ұзаққа созылып кеткен әлеуметтік жанжалды шешеді деп үміттенемін. Президент пен үкіметтің кәсіподақ жағынан жасалған қысымға берілмегені үшін қуаныштымын.

Анассе Казиб, SNCF қызметкері:

- Толқулар әлі басылмай тұр. Ереуілдер жаз бойы жалғасады деп күтілуде. Тіпті қыркүйек, қазанға дейін созылуы мүмкін. Бұл мәселеге қатысты даудың аяқталар түрі жоқ.

Хабар 24 телеарнасы