389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ким Чен Ын Дональд Трамппен кездесу үшін Сингапурге ат басын тіреді

  • 404
  • UPD: 19:56, 10.06.2018
Ким Чен Ын Дональд Трамппен кездесу үшін Сингапурге ат басын тіреді

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын Ақ үй басшысы Дональд Трамппен кездесу үшін Сингапурге ат басын тіреді.

Тарихи саммит сейсенбіде Сентоза аралында өтуі тиіс. Бірақ кейбір басылымдар қос президент ресми кездесу басталмай тұрып кездеседі деп хабарлап отыр. Ал Ким Чен Ынды Сингапурдің сыртқы істер министрі Вивиан Балакришнан қарсы алған. Ол тіпті өзінің Twitter-дегі парақшасына Солтүстік Корея басшысымен қол алысқан суретті жүктеген. Ресми Вашингтон болса, бұл саммиттен үлкен нәтиже күтіп отыр. АҚШ билігі Корей Халық Демократиялық Республикасы кездесуден кейін ядролық қарудан бас тартады деген үмітте.

Хабар 24 телеарнасы