389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Француз фермерлері пальма майының қолданылуына қарсы

  • 529
  • UPD: 23:08, 11.06.2018
Француз фермерлері пальма майының қолданылуына қарсы

Францияда фермерлер бас көтерді.

Бұған жергілікті биліктің Total мұнай-газ компаниясына басқа елден әкелінетін пальма майын қолдануға рұқсат беруі себеп болған. Ереуілшілер үш мұнай өндіруші зауыттың кіреберісін ағаш және балшықпен бөгеп тастаған. Олардың айтуынша, биліктің бұл шешімі жергілікті май өндірісіне кері әсерін тигізеді. Өйткені пальма майы рапстікіне қарағанда әлдеқайда арзанырақ, сондықтан өндірісте жиі пайдаланылады. Ал елдегі салық пен қатаң экологиялық заңдардың кесірінен фермерлер импортталған маймен бәсекеге түсе алмайды. Экологтар болса пальма майы қоршаған ортаға орасан зиян келтіреді деп дабыл қағуда. Наразылық шарасын ұйымдастырушылар Франция үкіметінен Lamed зауытында пальма майын қолдануға тыйым салуды талап етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы