383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп пен Ким Чен Ын келіссөз өтетін жерге жетті

  • 444
  • UPD: 07:36, 12.06.2018
Трамп пен Ким Чен Ын келіссөз өтетін жерге жетті WSJ

АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның кездесуі басталады.

Екі президент онда бұған дейін айтылғандай екіжақты қарым-қатынас, Корей түбегін ядролық қарудан азат аймақ ету мен онда бейбітшілік орнату мәселесін талқылауы тиіс. Кездесу 45 минутқа созылады. Осыдан кейін кешкісін Дональд Трамп бұқаралық ақпарат құралдарымен тілдесіп, баспасөз мәслихатын өткізеді.

Айта кетейік, екі басшы Сингапурге 2 күн бұрын келген болатын. Одан кейін осы елдің үкімет басшысымен кездесіп саммитті ұйымдастыру үшін алғыстарын білдірді. Сонымен қатар екі елдің ресми делегациясы кездесті. Алайда онда қандай мәселелер қаралғаны белгісіз. Бірақ Трамп бұл келіссөздің жемісті болғанын айтып, оған көңілі толғанын жеткізді.

Ең соңғы ақпаратқа сәйкес, қазір Трамп та, Ким Чен Ын да Сингапурдың Сентоза аралындағы келіссөз өтетін жерге жеткен.

Хабар 24 телеарнасы