386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германиядағы әуежайда ұшақ өртенді

  • 369
  • UPD: 10:14, 12.06.2018
Германиядағы әуежайда ұшақ өртенді

Германияның Майндағы Франкфурт әуежайында өрт шықты.

Салдарынан 10 адам зардап шеккен. Қатарында өрт сөндірушілер мен әуежай қызметкерлері бар. Олар түтіннен уланған, бірақ өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ дейді дәрігерлер. Ақпарат құралдарының дерегі бойынша ұшақты тұраққа дейін сүйрейтін көлік жанып кеткен. Әуе кемесінде жолаушы болмаған. Мамандар ұшаққа айтарлықтай зақым келмеген дейді. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу басталып кетті.

Хабар 24 телеарнасы