389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда көпқабатты ғимаратта өрт шығып, 100-ден аса адам эвакуацияланды

  • 426
Үндістанда көпқабатты ғимаратта өрт шығып, 100-ден аса адам эвакуацияланды

Үндістанның батысында орналасқан Мумбай қаласындағы көпқабатты ғимараттардың бірінде өрт шықты.

100-ден аса адам құтқарылды деп хабарлайды ANI агенттігі. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Оқиға болған жерде құтқарушылар, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жалынның шарпуына не себеп болғаны да әзірге белгісіз. Алайда тілсіз жау 33-қабатта басталған. Өртке оранған нысанның иесі Үндістанның танымал әртісі әрі моделі Дипика Падуконе екені анықталды. Ол өзінің Твиттер парақшасы арқылы аман-есен екенін хабарлады. Өрттің неден болғаны анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы