389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Соңғы селфи. Әсерлі фото жасамақшы болған екі турист ажал құшты

  • 660
  • UPD: 10:56, 14.06.2018
Соңғы селфи. Әсерлі фото жасамақшы болған екі турист ажал құшты Point.md

Португалияда селфиге түскісі келген екі турист ойда жоқта мерт болды.

Олар осы елдің Эрисейра қаласындағы жағажайға демалуға келген Австралия мен Ұлыбритания азаматтары болып шықты. Ерлі-зайыптылар жартастың үстіне шығып, суретке түскісі келген. Оқиға болған жерден ұялы телефон табылған. Кашкайш портының капитаны Руй Перейраның айтуынша, фотоға түсіріп тұрған адам ұялы телефонын қолынан түсіріп алып, соны көтермекші болғанда, екеуі де тепе-теңдік сақтай алмай құлап кеткен.

Хабар 24 телеарнасы