387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Израильді сынға алды

  • 323
  • UPD: 12:04, 14.06.2018
БҰҰ Израильді сынға алды

БҰҰ Газа секторындағы ереуілге қатысқандарға қарсы күш қолданғаны үшін Израильді сынға алды.

Осы ретте ұйымның Бас Ассамблеясы қарар қабылдады. Құжатты 120 ел қолдап, 8-і қарсы шықты. Ал 45 мемлекет дауыс беруден бас тартқан. Қаулыда Израильден палестиналықтарға қарсы шектен тыс күш көрсетуді тоқтату сұралған. Айта кеткен жөн, бұған дейін осы айда Қауіпсіздік Кеңесінде бұл мәселе дауысқа салынған еді. Дегенмен АҚШ бұл жобаға вето жариялады. Осыған байланысты араб елдері бұл құжатты Бас Ассамблеяның талқылауына ұсынған. Естеріңізге сала кетейік, наурыз айынан бері Газа секторындағы бас көтеру кезінде 129 палестиналық қаза тапты. Қатарында 16 бала бар. 13 мыңнан астам ереуілші түрлі жарақат алған. Қарарда Израиль аймағына оқ атқан ХАМАС қозғалысы туралы жазылмағаны АҚШ-тың шамына тиіп отыр.

Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

– Құжатта ХАМАС қозғалысы туралы бірде-бір сөз жоқ. Біржақты шешім қабылданған. Тараптардың барлығында кінә бар екенін мойындау керек.

Хабар 24 телеарнасы