Страсбург қаласында өткен Еуропарламенттің пленарлық сессиясында депутаттар саны 46-ға дейін қысқаратын болып шешілді.
Шешім Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан шыққаннан кейін жүзеге асады. Естеріңізге сала кетейік, қысқартуды қаңтар айында Еуропарламенттің конституция ісі жөніндегі комитеті, ал ақпанда одаққа мүше 27 ел мақұлдаған еді. Ұлыбритания Еуроодақтан келесі жылдың наурыз айында шығуы керек. Ал Еуропарламенттегі депутаттар саны 751-ден 705-ке дейін қысқарады.