379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан басшысы 226 жазасын өтеушіге рақымшылық жасады

  • 480
Өзбекстан басшысы 226 жазасын өтеушіге рақымшылық жасады

Өзбекстан Республикасының Президенті қасиетті Рамазан айының айт мерекесіне орай 226 сотталған адамға рақымшылдық жариялады.

Айта кету керек, бұл тәжірибе жалпы көрші ел тарихында тұңғыш рет орын алып отыр. Мемлекет басшысының жарлығымен бұған дейін істі болған 102 адам жазадан толық арылды. 39 сотталушының жазасы жеңілдетіліп, тағы 71 адам мерзімінен бұрын босатылған. Жалпы кешірім бойынша бостандығынан айырылған 212 адам түрмеден бостандыққа шықты. 14 сотталушының жазасы қысқартылды. Рақымшылдыққа іліккен қырық азаматтың жасы алпыстан асқан. Араларында 39 шетел азаматы бар. 37-сі әйел. Ал 51–і тыйым салынған ұйыммен байланыс орнатқаны үшін істі болған. Құжатта жасаған істеріне өкініп, тура жолға түскен жандарды жұмыспен қамту мәселесі де қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы